Signal-ды демеу

Other Ways to Give

Signal – сіздің деректеріңіз және пайда табу үшін емес, сіз үшін жасалған қолданба. Сіздің қолдауыңыздың арқасында біз өз миссиямызды орындаймыз. Бастапқы коды ашық құпиялылық технологиясы арқылы сөз бостандығын қорғап, жаһандық байланыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Жеке хат алмасу. Жарнамасыз, аңдылмайды, бақылаусыз.

Сіз берген қаржы Signal қолданбасын әзірлеуге, сондай-ақ әлем бойынша миллиондаған адамның Signal қолданбасын пайдалануына қажетті серверлер мен сигнал диапазондарына техникалық қолдау көрсетуге жұмсалады.

Демеушілік кезінде электрондық поштаңызды көрсетсеңіз, салық жазбаларының электрондық растауын аласыз. Signal Technology Foundation – тәуелсіз коммерциялық емес ұйым және ол АҚШ-тағы Ішкі табыс заңының 501c3 бөлімі бойынша салықтан босатылған. Біздің Федералдық салық идентификаторлық нөміріміз – 82-4506840.

Ескертпе: Signal қолданбасы арқылы демеу беретін болсаңыз ғана, Signal аккаунтыңызда арнайы таңба пайда болады.


Other Ways to Give

Signal криптовалюта, акция және донорлық қаржыландыру қорлары (DAF) түрінде демеушілік қабылдай береді. Демеушілердің мұндай көмектері The Giving Block платформасында өңделеді.

Демеушілігіңіздің нарықтық құны АҚШ-тағы салығыңыздан шегерілгенін қаласаңыз, салық түбіртегін алу үшін электрондық мекенжайыңызды көрсетіп қоюыңызға болады. The Giving Block платформасы анонимді демеушілердің криптовалюталық және DAF активтерін қабылдай береді.

Ескертпе: Signal қолданбасы арқылы демеу беретін болсаңыз ғана, Signal аккаунтыңызда арнайы таңба пайда болады.