Хабар алмасудың басқа бір әдісімен танысыңыз. Өзіңіз күткен барлық функциялармен ұштасатын, бірақ құпиялыққа сіз күтпегендей көңіл бөлетін әдіс.
"Мен Signal қолданбасын күн сайын пайдаланамын."
Edward Snowden
Әшкерелеуші әрі құпиялық саласындағы құқық қорғаушы
"I trust Signal because it’s well built, but more importantly, because of how it’s built: open source, peer reviewed, and funded entirely by grants and donations. A refreshing model for how critical services should be built."
Jack Dorsey
CEO of Twitter and Square
"Signal – қолда бар ең бір өзгермелі шифрлау құралы. Ол тегін әрі оны өзара тексеруге болады. Мен адамдарды осы қолданбаны күн сайын пайдалануға шақырамын."
Laura Poitras
Кинорежиссер әрі журналист, Оскар сыйлығының иегері
"Осы қолданбаның қауіпсіз әрі ыңғайлы болуына бағытталған ақыл-ой мен қамқорлық мені әрдайым жақсы әсерде қалдырады. Әңгіме-дүкеннің шифрлануы тұрғысынан бұл – мен үшін ең оңтайлы нұсқа."
Bruce Schneier
Қауіпсіздік саласында әлемге танылған маман
Signal қолданбасының неліктен қарапайым, қуатты әрі қауіпсіз мессенджер екенін төмендегі мәтіннен көріңіз
Қазіргі заманға сай толассыз шифрлау (бастапқы коды ашық Signal протоколының негізінде) сіздің айтқан әңгімелеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Біз сіздің жазғандарыңызды оқи алмаймыз және телефон қоңырауларыңызды тыңдай алмаймыз. Сондай-ақ басқа ешкім оқи да, тыңдай да алмайды. Құпиялық қосымша таңдауға болатын режим емес, ол – Signal жұмысының мәні. Әр хабарлама, әр қоңырау, әр кез.
Мәтінді, дауыс хабарларын, фотосуреттерді, бейнефайлдарды, GIF пішімі мен файлдарды тегін алмасыңыз. SMS және MMS ақысын төлемеуіңіз үшін Signal телефонның деректеріне қосылымды пайдаланады.
Халықаралық байланыс ақысын төлеместен, қала сыртында не мұхиттың ар жағында тұратын адамдарға айқын естілетін және көрінетін телефон қоңырауы мен бейнеқоңырау соғыңыз.
Шифрланған жапсырмалардың көмегімен әңгіме-дүкенге қосымша әсерлі сипат беріңіз. Сондай-ақ өз жапсырмаларыңызды жасап, оларды басқалармен бөлісуге болады.
Топтасқан чат арқылы үй-ішіңізбен, достарыңызбен және әріптестеріңізбен әрқашан байланыста болу оңай.
Signal қолданбасында жарнама да жоқ, сауда өкілдері де жоқ, жиіркенішті тыңшылар да жоқ. Сондықтан қымбатты адамдарыңызбен өзіңіз үшін маңызды сәттерді бөлісуге көбірек назар аударыңыз.
Signal – тәуелсіз коммерциялық ұйым. Біз ешқандай АТ компанияларымен байланысты емеспіз және бізді олардың ешқайсысы сатып ала алмайды. Біздің дамуымызға өзіңіз сияқты адамдардың жәрдемақылары мен қайырымдылық қаражаты көмектеседі.