Хабар алмасудың басқа бір әдісімен танысыңыз. Өзіңіз күткен барлық функциялармен ұштасатын, бірақ құпиялыққа сіз күтпегендей көңіл бөлетін әдіс.
Signal қолданбасының неліктен қарапайым, мықты әрі қауіпсіз мессенджер екенін төмендегі мәтіннен көріңіз
Заманауи толассыз шифрлау (бастапқы көзі ашық Signal протоколының негізінде) сіздің әңгімелеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Біз сіздің жазғандарыңызды оқи алмаймыз және телефон қоңырауларыңызды тыңдай алмаймыз. Сондай-ақ басқа ешкім оқи да, тыңдай да алмайды. Құпиялық қосымша таңдауға болатын режим емес, ол – Signal жұмысының мәні. Әр хабарлама, әр қоңырау, әркез.
Мәтінді, дауыстық хабарларды, фотосуреттерді, видеоларды, GIF-тер мен файлдарды тегін алмасыңыз. SMS және MMS ақысын төлемеу үшін Signal телефонның деректеріне байланысты пайдаланады.
Алыс аумақтармен байланыс ақысын төлеместен, қала сыртында не мұхиттың ар жағында тұратын адамдарға айқын естілетін телефон қоңырауы және жақсы көрінетін видеоқоңыраумен сөйлесіңіз.
Шифрланған жапсырмалардың көмегімен әңгімелеріңізге қосымша әсерлі сипат беріңіз. Сондай-ақ өз жапсырмаларыңызды жасап, оларды басқалармен бөлісуге болады.
Топтасқан чат арқылы үй-ішіңізбен, достарыңызбен және әріптестеріңізбен әрқашан байланыста болу оңай.
Signal қолданбасында жарнама да, өз тауарларын/қызметтерін ұсынушылар да, жағымсыз аңдушылар да жоқ. Сондықтан қымбатты адамдарыңызбен өзіңіз үшін маңызды сәттерді бөлісуге көбірек назар аударыңыз.
Signal – тәуелсіз коммерциялық ұйым. Біз ешқандай ірі АТ компанияларымен байланысты емеспіз және бізді олардың ешқайсысы сатып ала алмайды. Біздің дамуымызға өзіңіз сияқты адамдардың жәрдемақылары мен қаржылай көмегі үлесін тигізеді.
Signal-ды демеу